Қарағанды облысында такси жүргізушісін 25 мың теңге үшін өлтіріп, өртеп жіберген

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында такси жүргізушісін өлтіруді деген күдікпен екі азамат ұсталды, деп хабарлады аймақтық ІІД-нің баспасөз қызметінен.

«Қарағанды облысындағы Жартас кентіне жақын жерде келе жатқан ер адам далада көлік өртеніп жатқанын байқады да бірден учаскелік инспекторға хабарлайды. «Мерседес Бенц-124» көлігінің жүк салғышында оның иесі болған 47 жастағы ер адамның өртенген денесі табылды», - делінеді хабарламада.

Полицейлер бұл ауыр қылмысты жасағандарды жедел қолға түсірді. Екі күдікті - бұған дейін сотталған 19 және 23 жастағы екі ер адам ұсталды.

«Ұсталғандар кінәларын мойындап, 14 қарашаның түнінде Долинка кентінде көліктің ішінде отырып, такси жүргізушісінің желкесіне «ОСА» травматикалық тапаншасынан екі рет оқ атып, одан кейін мойынына пышақ салғанын айтты. Қылмыскерлер жүргізушінің әмиянындағы 25 мың теңге мен ұялы телефонды алып кеткен. Іздерін жасыру мақсатымен қаскөйлер жүргізушіні көліктің жүк салатын бөлігіне апарып, көлікті жазық далаға айдап әкетіп, оны өртеп жіберген», - делінеді хабарламада.

Ұсталғандарға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Соңғы жаңалықтар