Қарағанды облысында тағы бір Гемодиализ орталығы ашылды

None
None
ҚАРАҒАНДА. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында тағы бір гемодиализ орталығы іске қосылды. Ол Осакаров кентінде орталық аудандық аурухана базасында ашылды. Жоба мемлекеттік-жекешелік әріптестік бағдарламасы бойынша іске асырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық тәулігіне 15 науқасты қабылдай алады. Өмірлік маңызы бар емді қажет ететін Осакаров ауданының тұрғындарына енді облыс орталығына барудың қажеті жоқ. Бүгінде ауданда осындай 9 науқас бар.

Жаңа орталықта бірінші болып Осакаров кентінің 47 жастағы тұрғыны Наталья Малозёмова гемодиализ процедурасынан өтті. 11 жыл бойы ол аптасына үш рет Қарағандыға тұрақты түрде барып тұрды.

Аурухана пациенттері дәрігерлерге және облыс пен аудан басшылығына гемодиализ орталығын ашқаны үшін алғыс білдірді. Айта кету керек, ауданның денсаулық сақтау саласының материалдық-техникалық жабдықталуы жыл сайын жақсарып келеді.


Соңғы жаңалықтар