Қарағанды облысында сыбайлас жемқорлыққа бейім салалар аталды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету бойынша жұмыс жүргізілуде. Өткен жылы талдау он үш мемлекеттік кәсіпорында жүргізілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингпен көптеген мемлекеттік қызметтер қамтылды. Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға бағытталған бюджет қаражатының жұмсалуы қадағаланады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте басты назар алдын алу шараларына аударылды. Transparency International қоғамдық қорының зерттеуі күш-жігерді қайда бағыттау керектігін көрсетті.
Сауалнама нәтижелері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік комиссия отырысында талқыланды.
«Қазақстанда жыл сайын Transparency International халықаралық үкіметтік емес ұйымына зерттеу жүргізіледі. Екінші жыл қатарынан сауалнамаға Қарағанды облысының тұрғындары қатысуда. Зерттеу нәтижелері кемшіліктер мен проблемаларды көрсетеді. Бірлескен жұмысымыздың тиімділігін арттыру үшін егжей-тегжейлі жол картасын әзірлеуді ұсынамын», - деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша
департаментінің басшысы Денис Шакенов.
Оның айтуынша, респонденттер мемлекеттік ауруханалар мен емханаларда, балабақшалар мен колледждерде жиі «келіссөздер жүргізуге» тура келетінін атап өтті. Қауіп аймақтарына полиция, жұмыспен қамту қызметі, жер қатынастары бөлімдері, МСҚБ басқармасы, әскери комиссариаттар да кірді.
Сауалнамаға қатысушылар делдалдардың көмегі туралы хабарлады. Зерттеу көрсеткендей, мұндай жағдайлар аз емес. Сондай-ақ азаматтардың үштен екісі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте көмек көрсетуге дайын екендіктерін білдірді, деп атап өтті ведомство басшысы.
Жеке кәсіпкерлер арасында сауалнама жүргізілді. Олардың жартысына жуығы кез келген мәселені заңды түрде шешуге болады деп санайды. Сонымен қатар 17 пайызы сыбайлас жемқорлық схемалары арқылы шешіліп жатқанын айтқан.
Сыбайлас жемқорлыққа неғұрлым бейім ретінде жер қатынастары саласы, өртке қарсы қызмет көрсетілген.
«Мемлекеттік қызмет көрсетудің ашықтығы мен сапасы - ең маңызды басымдылық. Барлығы ашық болуы керек. Тікелей байланыстарды болдырмау үшін қызметтерді барынша цифрлық форматқа көшіру қажет. Барлықтарыңызға зерттеу нәтижелеріне талдау жасап, кемшіліктерді жою үшін шаралар қабылдауды тапсырамын», - деп атап өтті облыс әкімі Жеңіс Қасымбек.
- Қарағандының қан орталығы барлық донорларға алғыс білдірді
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ұйымдық-штаттық құрылымы оңтайландырылды
- Қазақстандық кәсіпкерлер үшін салықты есептеу жеңілдеді және басқа төлемдер алынып тасталды
- Ashyq қосымшасына қатысты жиі қойылатын сұрақтардың жауабы
-
Қарағанды облысында шектеу шаралары жеңілдетілді
-
Қарағанды облысында боранда жоғалып кеткен 3 адамның біреуі өлі күйінде табылды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам