Қарағанды облысында сыбайлас жемқорлық деңгейі төмендеді

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Осы жылдың бірінші жарты жылдығында өңірдегі сыбайлас жемқорлық деңгейі өткен жылмен салыстырғанда 11,5%-ға төмендеді. Бұл туралы жемқорлыққа қарсы күрес бойынша ұлттық бюросының Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы Денис Шакенов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қарағанды облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес белсенді жүріп жатыр. 2019 жылдың басынан бері өңірде «Сарыарқа - адалдық алаңы» жобасы жүзеге асырылуда. Өңірде фронт-кеңселер, Open Space және «адалдық дүкендері» қағидаты бойынша кабинеттер ашылған.

Бұл ретте Жезқазған әкімдігінде де жаңа форматтағы фронт-офис ашылды. Бұл жерде қала әкімі, жер қатынастары, білім, әлеуметтік қорғау және басқа да бөлімдердің қызметкерлері қабылдау жүргізеді. Келушілер тиісті кеңестерді алып, қажетті құжаттар мен анықтамаларды ресімдеп, балаларды балабақшаға кезекке қойып, мектепке оқуға жаздыра алады. Фронт-офис қала әкімдігі ғимаратының бірінші қабатында орналасқан. Мұндай шаралар сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге ықпал етеді.

«Біз жемқорлық жойылған таза қоғамға айналуымыз керек. Бұл әсіресе шенеуніктерге қатысты. Бірінші кезекте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамыту қажет. Біз сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған тиісті жұмыстарды атқарып жатырмыз», – деп атап өтті Ерлан Қошанов.



Қарағанды облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Денис Шакенов жемқорлықтың алдын алу бойынша тиісті шараларды барлық басқармалар мен бөлім басшылары қабылдауы тиіс екенін атап өтті.

«Тұрмыстық жемқорлық бүкіл мемлекеттік жүйенің жұмысына нұқсан келтіреді. Шағын және орта бизнестің қалыпты жұмысын тежейді. Әрбір мемлекеттік қызметкердің міндеті – жемқорлықпен барынша белсенді күресу және оған деген төзбеушілік қалыптастыру», - деп атап өтті Денис Шакенов.

Осыған ұқсас фронт-офис Қарағандыда да ашылады.


Өңірдің мемлекеттік органдарында «Open Space» қағидаты бойынша сегіз кабинет пен төрт фронт-офис құрылды.

Сонымен қатар, «Сарыарқа - адалдық алаңы» жобасы аясында білім беру ұйымдары басшыларының кабинеттері оңтайландырылады. 18 колледжде, 30 мектепте және 7 балабақшада директорлар бірінші қабаттағы кабинетке көшті. Босаған кабинеттерде оқушылардың өздігінен дамуы мен демалуына арналған алаңдар ұйымдастырылады.

Одан бөлек, жобаны жүзеге асыру аясында Қарағанды облысы бойынша 284 адалдық дүкені ашылды.

Өңір басшысы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу саласындағы жұмысты одан әрі жалғастыруды және бұл үшін цифрландыру әдістерін белсенді пайдалануды тапсырды.

Соңғы жаңалықтар