Қарағанды облысында суға батып бара жатқан екі адам құтқарылды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының құтқарушылары су қоймаларын патрульдеу барысында екі адамды өлім аузынан аман алып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ТЖ қызметкерлері ек адамды судан құтқарды. Бір жазатайым оқиға Сәтбаев қаласында орын алған. 21 маусымда сағат 16:17-де Сәтбаев қаласының Айнакөл су қоймасында құтқарушылар 1966 жылы туған ер адамды қайықтарының бортына көтерді.

Ал 24 маусымда сағат 21:00-де Жезқазған қаласындағы Кеңгір су қоймасының акваториясын патрульдеу кезінде ТЖД Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері 1967 жылы туған ер адамды құтқарған.

Айта кеткен жөн, облыстағы су қоймаларда адамдардың қаза болуы мен жарақаттануын болдырмау үшін құтқарушылар полициямен бірлесе отырып, рұқсат етілмеген демалыс орындарында рейдтер жүргізеді.

Соңғы жаңалықтар