Қарағанды облысында суармалы жерді қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр
2022 жылғы 24 мамыр 08:18

Қарағанды облысында суармалы жерді қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында 2022 жылы суармалы жерді қалпына келтіру бойынша жеті жоба жүзеге аспақ. Биыл қосымша 2400 гектарды айналымға енгізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары жеті жобаны іске асыруда. Ол үшін су ресурстарын ұтымды пайдалану қажет.

«Қарағанды облысында ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге алқаптарын суару үшін су беретін үш ұйым жұмыс істейді – «Казводхоз» РМК, Қ.Сәтбаев атындағы канал, «Красная поляна» ӘКК. Сонымен қатар «Қарағанды су қоймалары» КМК-де суармалы жерге су беру мәселесі пысықталуда. «Казводхоз» РМК-ның суды жұмсау және бөлу есебін тиімді жүргізу үшін сандық технологиялар енгізілді. GSM-модемдері бар 11 бекет орнатылды», – деп хабарлады Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Нұрбек Серіков.

Оның айтуынша, су ресурстарын есепке алу жүйесін жаңғырту жоспарланған.

Бұдан басқа, осы жылы Саран және Шалғы су қоймалары, Манақ бөгеті күрделі жөндеуден өтеді. Сондай-ақ, Нұра, Солонка және Ақбастау өзендерін санациялау бойынша бес жобаны іске асыру жоспарланған.

Басқарма басшысының ақпараты бойынша, өңірде үш жаңа су қоймасын салуға ТЭН (технико-экономикалық негіздеме) әзірленуде. 2023-2024 жылдары облыста «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы бойынша 73 шақырым суару каналын қайта жаңарту жоспарлануда.

Бұл жобаларды жүзеге асыру суармалы егіншілікті кеңейтуге бағытталған.

Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Асқар Санаубаров суармалы суды үнемдеуге мүмкіндік беретін технология туралы айтып берді. Ауылшаруашылық кәсіпорындары заманауи бүрку қондырғыларын сатып алады. Мемлекет жабдық құнының жартысын субсидиялайды. Сонымен қатар, суармалы суды жеткізуге субсидия төленеді.

«Жұмыс істеп тұрған су қоймаларын қайта жаңарту суармалы судың қосымша көлемін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Тұрақты суару кезінде шығынды азайту есебінен қолданыстағы су балансын барынша сақтау қажет», – деп атап өтті облыс әкімі Жеңіс Қасымбек.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT