+7 (701) 759 90 19
USD 447.60 EUR 489.41
RUB 5.71 CNY 63.05
Jańalyqtar

Қарағанды облысында су тасқынына тосқауыл қою шаралары пысықталып жатыр

2020 жылғы 27 ақпан 11:47
Бөлісіңіз:
Қарағанды облысында су тасқынына тосқауыл қою шаралары пысықталып жатыр

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында «Көктем-2020» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті. Екі күн бойы, 25 және 26 ақпан күндері қатысушылар су тасқыны кезінде төтенше жағдайларды жоюға дайындалды, деп хабарлайда ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы облысында жауын-шашын салдарынан өзендерде су деңгейі көтеріледі СҚО-да су басу қаупі бар 41 елді мекен бақылауға алынды Күн жылынуына байланысты 6 облыста өзендердегі мұз еріп, су деңгейі көтеріледі

Құтқарушылар, полиция, медицина қызметкерлері, Ұлттық ұланның әскери қызметшілері мен әкімдіктердің қызметкерлері үйлесімді жұмыс атқару бойынша машықтарын жетілдірді. Оқу-жаттығуға 2 500 адам және 300-ге жуық техника жұмылдырылды.

«Оқу-жаттығудың мақсаты – нақты тәжірибелік жұмыс. Барлық пункттерде арналарды, арықтарды тазалау, қорғау біліктері пысықталды. Барлығы 72 білікте 52 тәжірибелік іс-шара өткізілді. Сондай-ақ адамдарды суда құтқару, халықты эвакуациялау және басқа да іс-қимылдар пысықталды», - деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД бастығы Ибрагим Күлшімбаев.

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек те «Көктем - 2020» оқу-жаттығуында болып қайтты. Өңір басшысына құтқарушылардың техникасы көрсетілді. Су тасқынына дайындық туралы баяндалды.

Қарағанды облысында апатпен күресу үшін 2 мыңға жуық техника дайындалған. Оның ішінде жоғары өтімді вахта автобусы, жол талғамайтын көліктер, мотопомпалар бар. Құтқарушылар үшін -40 градусқа дейінгі температурада суда жұмыс істеуге мүмкіндік беретін гидрокостюмдер сатып алынған.

Оқу-жаттығуларға қатысушылар Нұра өзенінде көрнекі жарылыс жұмыстарын жүргізді. Су тасқыны кезінде ықтимал қауіпті учаскелерде - елді мекен маңындағы өзенде мұз жару қажет екені айтылды.

Жеңіс Қасымбек Садовое ауылының айналасындағы үйме жалды қарап шықты. Бұл жерде 2017 жылы үйлерді су басудан құтқару үшін бөгет салынған. Өткен көктемде ол ұзартылды және нығайтылды. Ал еріген судың бөгеттен асып кетпеуі үшін қосымша арна қазылды. Үйілме бөгеттің жалпы ұзындығы – 3,6 шақырым, ені – сегіз метр, ал биіктігі - екі метр.

Облыста үйме жал мен қорғаныс бөгеттерінің су тасқынынан зардап шегуі мүмкін барлық елді мекендердің жанында жасалды және нығайтылады. Ауылдарда тұрақты кезекшілік үшін арнайы құтқарушылар тобы құрылды. Өңірде су тасқынына қарсы 5,7 мыңдай адам күресетін болады. Оның ішінде – аудан әкімдері мен әкімдіктердің қызметкерлері де бар. Оларға ауылда көктемгі су тасқынына қалай тосқауыл қою керектігі үйретілді. 58 мемлекеттік қызметкер қысқа курс тыңдады, келесі аптада тағы 30 мемлекеттік қызметкер оқытылады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT