+7 (701) 759 90 19
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

Қарағанды облысында су тасқынына дайындық күнделікті бақылауда - әкім

2020 жылғы 19 ақпан 15:29
Бөлісіңіз:
Қарағанды облысында су тасқынына дайындық күнделікті бақылауда - әкім

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында су тасқынының алдын алу бойынша іс-шаралар жоспары жұмыс істейді. Қауіпті аймақта орналасқан барлық елді мекендердің дайындық құжаттары тексерілді. Алдын алу шараларын өткізу туралы аймақ басшысы Жеңіс Қасымбек халықпен есептік кездесуінде айтып берді, деп хабарлайда ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалпы облыста төрт жыл ішінде 190 шақырым қорғаныс бөгеті салынды, 62 шақырым өзен арнасында инженерлік іс-шаралар жүзеге асырылды. Барлық гидроқұрылыс ерекше бақылауда. 2018 және 2019 жылдары бұл нысандарда 1,3 млрд теңгеге жөндеу жұмысы жүргізілді», - деді облыс әкімі.

Сондай-ақ, құлақтандыру жүйесінің жұмысына тексеру жүргізілді, материалдық-техникалық құралдар - ЖЖМ, инертті материалдар және т. б. қоры тексерілді.

Қазір қар шығаруға баса назар аударылуда. Жауапты қызметтердің ақпараты бойынша, бүгінгі таңда облыстың қалалары мен ауылдарынан 1 миллион текше метрден астам қар шығарылды.

«Самарқанд және Ынтымақ су қоймаларынан су жіберіледі. Бұл жұмыс әлі де жалғасады. Су тасқыны басталғанға дейін көлемді ең төменгі деңгейге жеткіземіз. Су тасқынына дайындық күнделікті бақылауда», - деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT