Қарағанды облысында су тасқынына байланысты 300-ге жуық адам қауіпсіз жерге көшірілді - ТЖД

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында су тасқыны қаупі сақталып отыр, деп хабарлады аймақтық ТЖД-нің баспасөз қызметінен.

Ведомство таратқан ақпаратқа сүйенсек, Жаңаарқа, Қарқаралы және Шет аудандарының бірқатар елді мекендерінде тұрғын үйлерден 300-ге жуық адам қауіпсіз жерге көшірілді.

«Жаңаарқа ауданындағы Атасу кентінің Жаман Сарысу өзеніндегі су деңгейінің күрт көтерілуі салдарынан 36 тұрғын үйді су басу қаупі туды. Жергілікті атқарушы органдар су тасқыны қауіпті жерден 145 адамды қауіпсіз жерге көшірді», делінген хабарламада. Бұдан басқа, Жомарт стансасы ауданындағы Қайып қыстағының 7 тұрғыны, Қарқаралы ауданындағы Матақ ауылынан 40, Т.Әубәкіров елді мекенінен 63 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Шет ауданындағы Ағадір кентінде толассыз жауған жаңбырдан 38 үй мен 90 ауланы су алды. Төтенше жағдай салдарын жою үшін облыстық ТЖД-нің жеке құрамының 199 адамы мен 37 техника бірлігі жұмылдырылған. 25 адам қауіпсіз жерге көшіріліп, кенттегі мектеп интернатына уақытша орналастырылды.

Соңғы жаңалықтар