Қарағанды облысында су тасқыны кезеңіне дайындық басталды

Фото: None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында құтқарушылар табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мамандарымен бірлесіп су тасқынына дайындықты бастады. Өңірде жұмысшылар жағалауды нығайтып, түбін тереңдетіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жұмыс Нұра, Солонка және Ақбастау өзендерінің жекелеген учаскелерінде басталды.

Онда техника жұмылдырылып, ағаштарды тамырымен жұлу, басқа өсімдіктерді кесу, еңістерді жоспарлау, түбін тереңдету және жағалауды нығайту жұмыстары басталды.

«Бұқар жырау ауданы Ғ. Мұстафин атындағы кент маңындағы Нұра өзенінің учаскесі қаралды. Бұл жұмысты «Толағай-2050» ЖШС мердігерлік ұйымы атқарып жатыр. 12 адам және 9 арнайы техника жұмылдырылды. Барлық учаскедегі жұмысқа 50 адам және 34 техника қатысады», - деп хабарлады Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы.

Барлық осы шаралар су тасқыны кезінде елді мекендерді су басу қаупін азайтуға мүмкіндік береді дейді мамандар.


Соңғы жаңалықтар