Қарағанды облысында СOVID-19 жұқтырғандар саны өсуде

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында СOVID-19 жұқтырғандар саны өсуде. Өткен тәулікте ғана өңірде 794 жаңа инфекция оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Науқастардың көпшілігі өкпе зақымдануының жоғары пайызымен ауруханаларға түседі. Дәрігерлер мұны кейбір адамдар ұзақ уақыт бойы өзін-өзі емдеумен айналысады, сонымен бірге қымбат уақыт пен тез қалпына келу мүмкіндігін жоғалтады, деп түсіндіруде.

Мысалы, инфекциялық стационарға қайта бейінделген Қарағандының №1 көпбейінді ауруханасында қазіргі уақытта 215 пациент жатыр. Олардың көпшілігінде өкпенің зақымдану көлемі 30-дан 90 пайызға дейін. Олар жоғары дене қызуымен және ентікпемен түскен.

«Біздің аурухана сәуір айында госпиталь ретінде қайта бейімделді. 250 төсек-орын бар. Қазіргі уақытта бізде 215 адам жатыр, жансақтау бөлімінде 15 науқас бар. ӨЖЖ-да 9 адам. Негізінен өкпенің 90%-ға дейін зақымдануымен түседі. Олар ұзақ уақыт үйде болып, өз бетінше емделгендер. Біз емделушілерге өздігінен емделмеуге кеңес береміз. Көптеген адамдар суық тиді, суық су іштік деп қате ойлайды, бірақ іс жүзінде бұл коронавирустың алғашқы белгілері. Асқынулардың алдын алу үшін дереу дәрігерлерге хабарласыңыздар. Вакцинация арқылы өзіңізді қорғаған дұрыс», – дейді №1 көпсалалы аурухананың терапевтік қызметінің жетекшісі Наиля Құрмышева.


Бүгінгі күні стационарда көмек көрсету үшін қажеттінің бәрі бар: 25 ӨЖЖ аппараты, оттегін беруге арналған 151 концентратор, оттегін орталықтандырылған құрылғы арқылы беру палаталары, қажетті дәрілік препараттар.

«Мен ауруханаға 14 шілдеде дене қызуымен, ентікпемен түстім. Менде 25 пайыз өкпе зақымдануы болды. Ауруханада болғанда және аурудың қалай дамитынын көргенде, ол шынымен қорқынышты болады. Мұнда көбісі толықтай отбасыларымен жатыр. Атап айтқанда, менің күйеуім де осында емделді. Өте жақсы медперсонал, әрқашан көмектеседі», – деп атап өтті госпитальдың пациенті Татьяна Ребро.

Аурухананың жансақтау бөлімінде коронавирустық инфекцияның ауыр түрлерімен ауыратын науқастар бар.

«Жүректің ишемиялық ауруы, қант диабеті және т.б. сияқты қатар жүретін патологиялары бар пациенттер өте көп. Пациенттер ұзақ уақыт үйде болғаннан кейін бізге келіп түссе, аурумен күресу қиын, себебі өкпе тінінің зақымдану көлемі айтарлықтай үлкен. Мен аурудың алғашқы белгілері пайда болған бетте медициналық көмекке жүгінуді сұраймын», – деп атап өтті Қарағандының №1 көпбейінді ауруханасының жансақтау бөлімінің меңгерушісі Талғат Айтпенов.



Соңғы жаңалықтар