Қарағанды облысында сот фронт-кеңсесі ашылды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Шахтинск қалалық соты азаматтармен жұмыс жасаудың жаңа форматына көшті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шағын қалада фронт-кеңсе ашылды, онда қажетті құқықтық кеңестер алып, даулы жайттарды медиаторлардың көмегімен шешуге болады.

«Сот қызметі кез келген мемлекеттік орган сияқты, халықтың нақты сұраныстарын қанағаттандыруға бағытталған. Мұны ашық, тез және сапалы жасау өте маңызды. Адам аз уақыт жұмсап, барынша жоғары нәтиже алуы керек. Бүгінгі таңда халықтың сотқа деген сенім деңгейі осыған байланысты», - деді Қарағанды облыстық сотының төрағасы Нұрсерік Шәріпов фронт-кеңсенің ашылу салтанатында.

Фронт-кеңседе үш бөлім жұмыс істейді: ақпараттық орталық, кіріс кеңсесі және өзіне-өзі қызмет көрсету. Кеңесшілер келушілердің барлық сұрақтарына жауап беруге дайын.
null

Күту залы қажетті техникамен жабдықталған. Сондай-ақ жаңа кеңседе WI-FI өткізіліп, гаджеттер үшін қуаттау құрылғылары орнатылды. Келушілерге «Сот кабинеті» АЖ қызметін еркін пайдалануға арналған бұрыш жасалған.

null null

Соңғы жаңалықтар