Қарағанды облысында СОО, дәмхана, сұлулық салондары қалай жұмыс істейді

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың өсуіне байланысты карантинді күшейту туралы жаңа қаулы қабылданды. Ол 29 шілдеде түн ортасында күшіне енеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қосымша шектеулер туралы облыстың бас санитарлық дәрігері Юрий Залыгин Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында тікелей эфирде өткен брифингіде айтты.

«Қарағанды облысындағы эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз. Күн сайын коронавирустық инфекцияның 750-ден астам жаңа жағдайы тіркеледі. Соңғы екі аптада өсім екі есеге жуық болды. Қосымша шектеулер енгізу туралы шешім қабылданды», – деп атап өтті спикер.

Мейрамханалар, дәмханалар мен кофеханалар орналасқан жеріне қарамастан, соның ішінде ашық ауада жұмыс күндері Ashyq көмегімен 07:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс істей алады. Ал Ashyq жүйесіне қатыспағандардың жұмыс кестесі 07:00-ден 12:00-ге дейін. Сенбі және жексенбі күндері қоғамдық тамақтану нысандары жабылады – тек азық-түлікті жеткізу және алып кету жұмыстарына рұқсат етіледі.

Сонымен қатар, демалыс күндері асханалар жабылады.

Ashyq қолданатын сауда орталықтары мен сауда үйлерінің жұмыс кестесі сенбі және жексенбі күндері тыйым салумен жұмыс күндері 09:00-ден 17:00-ге дейін белгіленген.

Сұлулық салондары мен шаштараздар, сондай-ақ косметикалық қызмет көрсету орталықтары жұмыс күндері 09:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс істейді.

Ashyq жобасына қатыспайтын нысандардың қызметі тоқтатылады:

- фитнес-орталықтар, фитнес-клубтар, йога-орталықтар;

- спорттық-сауықтыру нысандары;

- сауналар, СПА-орталықтар, бассейндер.

Ashyq көмегімен бұл нысандар жұмыс күндері 17:00-ге дейін жұмыс істей алады.

Ashyq-сыз жұмыс істеуге әлі де тыйым салынған нысандар: кинотеатрлар, театрлар, концерт залдары, бильярд, компьютерлік клубтар (PlayStation клубтарын қоса алғанда), боулингтер, цирктер, лотерея клубтары, караоке.

Толығымен тыйым салынған: аквапарктер (оның ішінде оларда орналасқан бассейндер), жағажайлар (оның ішінде рұқсат етілмеген), түнгі және ойын клубтары, ауданы 2 000 және одан да көп шаршы метр жеке тұрған азық-түлік емес дүкендер, аттракциондар (оның ішінде ашық ауада). Олар Ashyq көмегімен де жұмыс істей алмайды.

Көрмелерді үй-жайларда да, көшеде де өткізуге болмайды. Туристерді облыс ішінде және облыстар арасында тұрақты емес тасымалдауға тыйым салынады.

Ұжымдық, салтанатты, отбасылық, естелік (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу) және басқа да бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қатаң тыйым салынады.

Қарағанды облысының бас санитарлық дәрігерінің қаулысын толық мына сілтеме бойынша оқуға болады.


Соңғы жаңалықтар