Қарағанды облысында соңғы екі айда 34 балаға пневмония диагнозы қойылды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Соңғы екі айда Қарағандыда балалар пневмониясының 34 жағдайы тіркелді. Бұл көрсеткіштер өткен жылмен салыстырғанда жоғары емес. Бұл жайттардың бірде-бірінде КВИ табылған жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Соңғы екі аптада әлеуметтік желілерде ата-аналар арасында дүрбелең орын алды. Оған балалар арасында өкпе зақымдануын тудыратын коронавирустың тез таралып жатқаны туралы қауесет себеп болған. Алайда қарағандылық дәрігерлер алаңдауға негіз жоқ деп отыр. Өткен екі айда аймақта кішкентай пациенттерде пневмонияның 34 жағдайы тіркелді. Олардың ешқайсысында COVID-19 табылған жоқ.

«Облыстық рентгенологиялық мекемелердің қызметімен өзара іс-қимыл жасай отырып, мен балалардағы пневмония жағдайлары тіркелгені туралы мәлімет алдым. Бірақ олардың ешқайсысында ПТР талдау COVID-19 барын расталмады. Яғни, бұл пневмония құбылмалы ауар-райына байланысты, таңертең және кешке суық болған кезде, күндіз жылы болғандықтан, балалар киімдерін шешіп, гипотермия алады. Сонымен қатар, дене әлсіреуі мүмкін. Осыған байланысты балада катаральды белгілер пайда болады. Кейіннен, егер емделмесе, асқынулар болуы мүмкін», - деп есептейді Қарағанды облысының бас рентгенологы Мұхтар Әбілдин.

Сондай-ақ, Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы мониторинг жүргізген. Алынған деректерге сәйкес биыл балалар пневмониямен бұрынғыдан көп ауырмады.

Дәрігерлердің пікірінше, COVID-19 вирусының балалар арасында таралуы туралы әңгімелерді медицинаға қатысы жоқ адамдар таратуда.

«Тіпті, КВИ екінші толқынының ықтималдығы болса да, Қарағанды облысы оны толықтай қарсы алуға дайын», дейді аймақтың бас рентгенологы.

«Бүгінгі таңда біздің барлық клиникаларымыз COVID-19 пациенттерін қабылдауға дайын. Пандемияның алғашқы толқынынан кейін бізде үлкен тәжірибе бар. Бүгінгі таңда барлық орталықтар консервацияланған, жабдықтармен және дәрі-дәрмектермен жабдықталған. Сондықтан, екінші толқын басталса, ерекше проблемалар туындамайды деп ойлаймын», - деді Мұхтар Әбілдин.

Мамандардың пікірінше, бүкіл әлемде балалар арасындағы инфекция пайызы өте төмен және ересектерге қарағанда олар COVID-19-ды жеңіл өткереді. Коронавирустық инфекциядан зақымданған бала өкпесі қалпына келуі үшін ең көбі екі апта уақыт қажет.

Дәрігерлер ата-аналарды балалардың иммунитетін нығайтуға, олардың тамақтануын бақылауға және гипотермиядан сақтауға шақырады.


Соңғы жаңалықтар