+7 (701) 759 90 19
USD 409.19 EUR 461.24
RUB 5.67 CNY 58.26
Jańalyqtar

Қарағанды облысында соңғы 3 жылда қоқысты қайта өңдеу көлемі сегіз есе артқан

2020 жылғы 17 қаңтар 00:20
Бөлісіңіз:
Қарағанды облысында соңғы 3 жылда қоқысты қайта өңдеу көлемі сегіз есе артқан

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында қайта өңделетін қалдықтардың көлемі сегіз есеге артты.

Ұқсас жаңалықтар
Еліміздің бас экологы су мәселесін талқылау үшін Өзбекстанға келді Экология министрі Түркістан облысында су тасқынынан кейін атқарылып жатқан жұмастармен танысты Каспий теңізі туралы фильм Discovery Channel арнасынан көрсетілмек

2017 жылы ол қатты тұрмыстық қалдықтардың жалпы санының 2%-ын ғана құрады. 2019 жылдың соңына қарай бұл көрсеткіш 16%-ға дейін өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Қоғамдық кеңес отырысында Қарағанды облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Руслан Төлепбаев мәлімдеді.

«Облыста «2018-2022 жылдарға арналған шағын және орта бизнес субъектілерін кеңінен тарта отырып, қатты тұрмыстық қалдықтарды қазіргі заманғы кәдеге жарату және қайта өңдеу жөніндегі шаралар кешені» әзірленді. Қазір алғашқы нәтижелер көріне бастады. Өңірде қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау және өңдеу 2015 жылдан бастап жүргізіледі. Негізінен Қарағанды және Теміртау қалаларында. онымен «Горкомтранс», «Ресайлинг» және «Экоалем» компаниялары айналысады. Келіп түскен қалдықтар сұрыптаудан өтеді, онда 10 фракция алынады: макулатура, картон, полиэтилен, ПЭТ, алюминий банкалар, металл, пластмасса және т.б», - деді ол.

Облыста 30-дан астам кәсіпорын өңделген қалдықтардан дайын өнім шығарады. Қоқыстардан полимерлі тротуарлық плиткалар, жабынғы, металлофиль, шлакоблоктар, темірбетон бұйымдар, кәріз люктері жасалады. 2018 жылы өндірілген өнім 230 тоннадан асты. Престелген пластик, макулатура және басқа да бірқатар шикізат Павлодар, Алматы және Ресейге жөнелтіледі.

Алдағы жылдары қуаты жылына 300 мың тонна болатын тағы бір қоқыс өңдеу зауытының құрылысы жоспарланып отыр. Қазір инвесторлармен келіссөздер жүргізілуде.

Алайда, Руслан Төлепбаев хабарлағандай, аймақта тұрмыстық қатты қалдықтарды кәдеге жарату мәселесі әлі де өзекті болып тұр. Қазір мұнда 202 полигон жұмыс істейді. Облыс бойынша барлығы 16 мыңнан астам контейнер, оның ішінде қалдықтарды бөлек жинауға арналған 1200 контейнер және құрамында сынап бар аспаптарды жинауға арналған 66 контейнер орнатылды.

Табиғи ресурстар басқармасы басшысының айтуынша, бүгінгі таңда негізгі міндеттердің бірі – қаты тұрмыстық қалдық полигондарын тәртіпке келтіру және заманауи стандарттар бойынша жаңа құрылыс салу болып отыр. Бұл әсіресе ауылдық аудандарға қажет.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT