Қарағанды облысында шопандардан қару-жарақ арсеналы табылды

None
Фото: gov.kz
АСТАНА. ҚазАқпара – Қарағанды облысында шопандардан қару-жарақ арсеналы табылды. Бұл туралы Экология министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сапсан» жедел тобының инспекторлары Қарағанды облысы Нұра ауданының жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесіп рейд жүргізген. Оның барысында 24 шілде күні Нұра ауданының Соналы ауылдық округіне қарасты аймақта жергілікті тұрғындардың біріне тиесілі малшыларға арналған вагоннан 5 аңшы мылтығы табылған.

«Видео жазу арқылы одан әрі жүргізілген тексеріс кезінде екі банка күкірт, тегіс ұңғылы мылтық пен шолақ мылтыққа арналған 142 дана патрон, сондай-ақ 5 дана мүйіз (болжам бойынша ақбөкен) табылды. Сотқа дейінгі тергеу басталды», - делінген мәліметте.


Соңғы жаңалықтар