Қарағанды облысында шектеу шаралары жеңілдетілді

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының аумағында 2021 жылдың 28 ақпандағы № 5 қаулысына сәйкес шектеу шараларына жеңілдіктер енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мәселен, 2021 жылдың 1 наурызынан бастап:
- цирктердің, бильярд клубтарының, балалардың ойын-сауық орталықтарының жұмысы 30%-ға дейінгі толтырылуыммен жұмыс істеуге рұқсат етілді;
- «жұма намазы» мен ас беру рәсіміндерін 30% -ға дейінгі толтырылуымен өткізуге рұқсат берілді», делінген ;
- көрермендермен 20%-ға дейін ғана толтырылуыммен спорттық іс-шараларды өткізуге рұқсат етілді», - делінген коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Telegram-каналының хабарламасында.
Оқушылар оқуын келесі тәртіппен жалғастырады:
- дәстүрлі форматта 300 оқушыға дейін, 15 адамға дейін қалалық және ауылдық мектептерде оқыту;
- 2021 жылғы 1 наурыздан бастап жалпы білім беретін мектептерде 1-5 (7) сыныптарды қоса алғанда және бітіруші сыныптар үшін аралас оқыту енгізіледі;
- білім беру мекемесі әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 15 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқыту рұқсат етіледі.
Бұдан басқа колледждер мен жоғары оқу орындарының I курс студенттеріне штаттық оқуға рұқсат етіледі.
Барлық жұмыстары қайта жаңғыртылатын объектілерде әлеуметтік қашықтықты, бетперде режимін, термометрияны, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді қатаң сақтауды қамтамасыз етілуі қажет.

Қаулының толық мәтінімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.



Соңғы жаңалықтар