Қарағанды облысында шаруаларға бидайдың тез пісетін сұрыптарына көшуге кеңес берілді

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында шенеуніктер ауа райының жағдайы себебімен шаруаларға егіс айналымы құрылымын өзгертуді кеңес етуде, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-нің тілшісі.

«Соңғы жылдардағы ауа райы-климаттық жағдайлар кеш пісетін сұрыптардың (бидай - ред.) толық пісуіне мүмкіндік бермейді. Осыған байланысты ағымдағы жылы аудан шаруашылықтарына астық егістіктерінің кемінде 30-35 пайыз Карагандинский 22, Степной 60, Астана, Омская 36 сияқты ерте және орташа пісетін сұрыптар егу кеңес етілген. Сондай-ақ күздік дақылдар: қарабидай, бидай, арпаны жарым-жартылай егуге көшу ұсынылады», - деді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Бауыржан Асанов аймақтағы егістік науқанына дайындық барысы талқыланған аппарат кеңесінде.

Оның айтуынша, қазіргі ерте пісетін сұрыптарды Нұра және Осакаров аудандары ғана өсіріп отыр.

Облыста ауыл шаруашылығы дақылдарын егудің қолайлы мерзімдері 15-30 мамыр аралығы болып белгіленген.

«Көктемнің бір күні жылға азық» деген сөз бар. Біз бұған сүйенуіміз керек. Жоспарымызды орындау жолында ауа райының кез келген жағдайы кедергі болмауы үшін, барлық мүмкіндіктерді пайдалану керек», - деп атап өтті облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков.

Ауыл шаруашылығы басқармасының ақпаратынша, облыста ылғал мен қорды сақтандыратын технологияларды енгізу аймақтары жыл сайын өсіп келеді.

2016 жылы ылғал мен қорды сақтандыратын технологияларды енгізу 580 мың га, немесе дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар аймақтарының 75,3 пайызын енгізу жоспарланған, бұл 2015 жылдың деңгейінен 29,7 мың гектарға көп. Бұдан басқа, 2016 жылы картоп пен көкөністер егістіктерін тамшылап суаруды қолданып егу қарастырылған, бұл егістіктің 300 гектарға көбеюіне әкеліп, 1177 гектарды құрайды», - деді Б.Асанов.

Оның айтуынша, көктемгі егіс және жинау жұмыстарын өткізу үшін ауыл шаруашылығы өндірушілеріне мемлекеттік қолдау ретінде 1 млрд.-тан астам теңге көлеміндегі субсидиялар қарастырылған.

Соңғы жаңалықтар