+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Қарағанды облысында шахтада еңбек еткен майдангерлерге құрмет көрсетілді

2021 жылғы 9 мамыр 21:01
Бөлісіңіз:
Қарағанды облысында шахтада еңбек еткен майдангерлерге құрмет көрсетілді

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының көмір кәсіпорындарында жұмыс істеген майдангерлерге ақшалай сыйлықтар мен жеке портреттер сыйға тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шахтинск қаласының құрметті азаматы Николай Ионович Чирышев биыл жүз жасқа толды. Жеңіс күні қарсаңында Ұлы Отан соғысы ардагерінің үйінде «Шахтинская» шахтасының өкілдері қонақта болды.

Соғыстың басталуын Николай Чирышев Латвияда қарсы алды.

Ол жерде әскер қатарында қызметін өтеп жатқан. 402-ші артиллериялық полк құрамында Орталық және бірінші Белорус майдандарында ұрыс қимылдарына қатысты.

Мәскеу үшін шайқастарда, Курск доғасында, Берлинді алуға қатысқан. Және бір де бір жарақат алмаған. II дәрежелі «Отан соғысы», «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен және медальдармен марапатталған.

Демобилизациядан кейін Пермь облысында тұрды, ал 1962 жылы Қазақстанға, Қарағанды облысының Долинка кентіне қоныс аударды.

«Карагандинский» совхозында және көмір кәсіпорындарына қызмет көрсететін Долинка автобазасында еңбек етті.

Бір ғасыр ғұмыр кешкен ардагер өзін тамаша сезінеді. Оның айтуынша, бұл жаман әдеттерден аулақ болу мен рухтың мықтылығына байланысты.

Бейбіт уақытта көмір өнеркәсібінде жұмыс істеген Ұлы Отан соғысының тағы төрт қатысушысы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір департаменті мен кәсіподақ ұйымынан құттықтауларға ие болды.

Ардагерлерге ақшалай сыйлық пен гүл шоқтары, сондай-ақ олардың жеке портреттері ұсынылды.

Иван Васильевич Щербинин Қиыр Шығыс майданында соғысқан. Саранда 1960 жылдан бері тұрады. МТҚБ базасында құрылыс-монтаждау басқармасында жұмыс істеді.

Виктор Андреевич Шелудяков майданға 16 жасында өз еркімен кеткен. Байланысшы болды. Екінші Балтық майданында қызметін өтеді.

Майдангердің жауынгерлік ерліктері ғана емес, сонымен қатар көмір өнеркәсібіндегі 63 жылдық үлкен еңбек өтілі бар.

Саран геологиялық барлау партиясында, көмір қабаттары бұрғыланған тау-кен жұмыстарында кіші геолог болып жұмыс істеді.

Содан кейін ұзақ уақыт «Союзшахтоосушение» басқармасында жұмыс істеген, сол жерден құрметті демалысқа шықты.

Николай Григорьевич Рассказимов - екі соғыстың ардагері: Ұлы Отан соғысы және кеңес-жапон соғысына қатысқан.

Ал соғыстан кейінгі бүкіл өмірін зейнеткерлікке шыққанға дейін Жаңа Майқұдық АТП-да жұмыс істеді.

Александр Ильич Балабас 95 жаста. Ол шахтерлер әулетінің өкілі.

Оның әкесі Украина мен Уралдағы шахталарда, ал соғыстан кейін Қарағандыда И.А. Костенко атындағы шахтада жұмыс істеген.

Демобилизациядан кейін Александр Балабас та жұмысқа орналасқан. Алдымен маркшейдерлік бөлімге тау-кен жұмысшысы, содан кейін Г. В. Плеханов атындағы Мәскеу институтының сырттай бөлімін бітіріп, «Қарағандыкөмірсбыт» басқармасының жоспарлау бөлімінің бастығына дейін көтерілді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT