Қарағанды облысында сегіз айлық сәби өлімінің себебі анықталып жатыр

None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында 8 айлық сәби көз жұмды. Нәрестенің ата-анасы баласының өліміне жергілікті дәрігерлерді кінәлап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

17 қыркүйекте Айдархановтар отбасы Қарқаралы аудандық ауруханасының дәрігерлеріне жүгінген. Баланың қызуы қатты көтеріліп, іші өтіп, құса берген.

Дәрігерлер баланы тексеріп, ата-анасынан оны үйде бірнеше күн бақылап отыруды сұраған.

Алайда, 19 қыркүйекте нәрестенің жағдайы нашарлап, жедел жәрдеммен аудандық ауруханаға жеткізілген.

«Бізге балаға бір-екі күн қарасаңыздар деді. Дәрі-дәрмек тағайындап, үйге жіберді. Бірақ келесі күні оның жағдайы нашарлады», - дейді баланың әкесі Берік Айдарханов,

Бала аудандық аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмды. Сәбидің денесін туыстары Қарағандыға медициналық сараптамаға алып келді.

Берік Айдарханов дәрігерлерді немқұрайдылық танытты деп айыптап отыр.

Бұл оқиға ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінде тергеліп жатыр.

«Қазіргі уақытта денсаулық сақтау басқармасының бұйрығына сәйкес облыстық мамандар бала өліміне талдау жүргізіп жатыр. Талдау нәтижесі бойынша шара қабылданады. Бұл мәселе басқарма басшысының жеке бақылауында», - деп мәлімдеді денсаулық сақтау басқармасы.


Соңғы жаңалықтар