+7 (701) 759 90 19
USD 425.75 EUR 499.32
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Қарағанды облысында сайланған 75 әкім қызметіне кірісті

2021 жылғы 28 шілде 12:48
Бөлісіңіз:
Қарағанды облысында сайланған 75 әкім қызметіне кірісті

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында халық сайлаған 75 ауыл әкімі қызметке кірісті. Ауыл басшылары құрамының төрттен үш бөлігі жаңартылды. Сайлауда төрт партияның өкілдері мен өзін-өзі ұсынушылар жеңіске жетті. Олардың ішінде үш әйел бар. Ең жас жаңа сайланған әкім 26 жаста, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Өңір басшысы Жеңіс Қасымбек онлайн-кездесуде сайланғандарға халықтың сенімін ақтап, әрдайым халықтың мүддесін қорғауды тіледі.

«Нәтижелерге қарап отырсақ, көпшілігіңіз алғаш рет әкім болып отырсыздар. Сайлау өткен ауыл басшыларының құрамы 77%-ға жаңарды. Бұл өте жақсы, себебі жаңа көзқарас проблемаларды жаңаша қарауға көмектеседі», – деді облыс әкімі.

Ауыл әкімдері – бұл барлық мемлекеттік жүйенің іргетасы, деп атап өтті ол.

«Еліміздің жетістігі көп жағдайда өңірлерде, әрбір ауылда жұмыстың қалай жүріп жатқанына байланысты. Әрбір ауылдың өзіндік ерекшеліктері мен проблемалары бар, оларды шешу қажет. Әрине, ең бастысы – адамдардың мұң-мұқтажына әрдайым құлақ түру. Тек осылай ғана билік шынымен тиімді бола алады. Жерлестеріміздің сенімі қымбат. Сайлау науқаны кезінде берген уәделеріңізді ұмытпаңыздар», – деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.

Абай ауданының Қарағанды ауылдық округін 26 жастағы Владислав Кирей басқарды.

«Ел тарихында алғаш рет ауыл тұрғындары әкімдерді сайлады. Бұл демократия мен жергілікті өзін-өзі басқарудың дамуын көрсетеді. Бұл сайлау жастардың басқарушы ретінде өз күшін сынап көруге барлық мүмкіндіктері бар екенін көрсетті. Қызметке кірісе отырып, табыс адамдардың өмірінің жақсаруына және округтің дамуына байланысты болатынын түсінемін», – деп есептейді ең жас әкім.

Қарағанды облысында 257 кандидаттың ішінен 75 ауыл әкімі сайланды. Дауыс беруге 61 846 сайлаушы қатысты – бұл 75,85%. Сайлауда 14 өзін-өзі ұсынған және Nur Otan, «Ауыл», «Ақ жол», ADAL партияларының өкілдері жеңіске жетті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT