Қарағанды облысында сарбаздың қолында граната жарылды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында Ұлттық ұлан сарбазының қолында граната жарылып кетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ҚР Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Зардап шеккен адам қазір облыстық медициналық орталықтың жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл ақпаратты облыстық денсаулық сақтау басқармасы да растады.

«Сарбаз облыстық медициналық орталықта жатыр. Оның жағдайы ауыр, бірақ тұрақты. Есін біледі, қойылған сұрақтарға да жауап береді. Граната оның қолында жарылды. Өкінішке орай оң қолының алақаны жұлынып кеткен»,-деп хабарлады Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Иса.

Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, осы кезде сарбазға барлық қажетті медициналық көмектер көрсетіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар