Қарағанды облысында сандық технологиялар ауруханалар мен емханалардың жұмысын оңтайландырды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Ситуациялық орталық Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының негізінде жұмыс істейді, салалық ауруханаларда оның бөлімшелері құрылған. 

Орталықтың штатында без қызметкер бар. Олар медициналық мекемелер мен дәрігерлердің жұмысы туралы ақпаратты қадағалап, өңдейді, деп хабарлайды өңір әкімдігінің ресми сайты . 

Орталықтың жұмысымен бүгін облыс әкімі Ерлан Қошанов танысып қайтты. 
- Біз жаңа КМАЖ ақпараттық жүйесімен жұмыс істейміз, - деді ситуациялық орталықтың жетекшісі Евгений Щербов. - Бұл жүйе әрбір медициналық мекеменің барлық дерлік жұмыс аспектілерін бақылауға мүмкіндік береді. Біз белгілі бір маманға кіру үшін кезекте қанша уақыт күтетінін, көмек сұрап келгендер санын және олардың диагнозын көре аламыз. Бұл ақпараттық барлығын біздің сарапшылар өңдейді және алынған мәліметтер негізінде медициналық мекеменің рейтінгін жасайды. Кешендік медициналық ақпараттық жүйе (КМАЖ) Қазақстанда, «Даму» ақпараттық технологиялар орталығында жасалды. Қазір оны Қарағанды обысының ауруханалары мен емханаларының жұмысында сәтті пайдалануда. Жүйе аймақтың барлық денсаулық сақтау жүйесінің жұмысын автоматтандыруға мүмкіндік береді».

2014-ші жылдың қарашасында жүйені Қарағанды облысына ілкі жоба ретінде енгізген болатын. Оны жан-жақты 2015-ші жылы жүзеге асыра бастады. Бүгінгі таңда Қарағанды обысы - Қазақстан бойынша КМАЖ толыққанды жұмыс істейтін жалғыз ғана аймақ.

Қазірдің өзінде науқастардың электрондық картасы жүргізіледі, электронды режімде дәрілердің рецептері, зертханалық зерттеулердің қорытындылары беріледі, онлайн-консилиумдар өткізіліп, диагностика жасалады. Жүйе емханаларда электронды кезек енгізуге, дәрігерлердің қаншалықты жұмысбасты екенін бақылауға, әрбір науқасқа уақыт және дәрмек жұмсауды ашық етуге мүмкіндік тудырды.

Сонымен қатар дәрігерлерге және денсаулық сақтау басқармасының сарапшыларына арналған бағдарламамен қоса, Қарағанды облысында пациенттерге арналған «DamuMed» мобильді қосымшасы енгізілді. Оны AppStore немесе PlayMarket арқылы смартфонға жүктеп алуға болады. Сондай-ақ қосымша арқылы дәрігерге қаралуға жазылуға болады, «SOS» пернесін басу арқылы жедел жәрдем шақыруға да болады. Мұның барлығын тек өз атыңыздан ғана емес, балаларыңыз бен қарт ата-аналарыңыздың атынан да жасауға болады. Ол үшін өзіңіз іркелген емханада отбасы мүшелерінің мәліметтерін қосымшаға енгізу туралы өтінім тастау керек.

Аймақ басшысы  облыста бұл жаңа жүйенің жылдам енгізілгенін атап айтты. Сонымен қатар электрондық кезектер мен мобильді қосымшалар ыңғайлы болмайтын қарт емделушілерге ерекше көңіл бөлуді тапсырды

- Мамырда бұл жүйені енгізу туралы шешім қабылданып, қыркүйекте тиісті келісімшартқа қол қойылды. Қазіргі таңда жүйе жұмыс істеп тұр, барлығы жедел түрде жүзеге асты, - деп атап өтті Ерлан Қошанов. «Алайда қарт науқастармен жағдай қалай болмақ? Олар өте жиі емханаларға көмек сұрап келеді. Және де олар үшін бұл электронды жүйе ыңғайсыздау болады деп ойлаймын. Жаңа жүйені барлық пациенттер үшін қолжетімді әрі ыңғайлы ету үшін не істеу керектігін ойлаңыздар».

Соңғы жаңалықтар