Қарағанды облысында Самарқан және Ынтымақ су қоймаларынан су ағызу жұмыстары жүргізілуде

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының ТЖД тұрғындарды аймақтағы екі ірі су қоймасынан судың ағызылуы туралы ескертеді.

«25 сәуір күні сағат 11:00-де Самарқан су қоймасынан төменгі бьефқа секундына 85 м3/сек жылдамдықпен су ағызылады. Сағат 14:00-ден бастап Ынтымақ су қоймасынан төменгі бьефқа ағызылатын судың көлемі 100 м3/сек дейін ұлғаяды», - деп хабарлайды ведомство «Қазсушар» РМК филиалының ақпаратына сілтемемен.

Тұрғындарды қауіпсіздік шараларын сақтауды: осы кезеңде өзендер бойындағы саяжайлар мен су қоймаларының қасында орналасқан тоғандарға бармауды, қауіпті орындардан алыс жүруді, балаларға өзендер, қазаншұңқырлар, терең арықтар мен шұңқырлардың қасында ойнауға тыйым салуды, су деңгейінің толық төмендеуіне дейін балық ауламауды сұрайды.

Соңғы жаңалықтар