Қарағанды облысында республикалық жолдың учаскесі жабылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды облысындағы республикалық маңыздағы жолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақавтожол» ЖШС мәліметіне қарағанда, боранға байланысты бүгін түске дейін «Екатеринбор-Алматы» жолының 1610-1854 шақырымындағы «Ақсу-Аюлы-Балқаш» аралығы көліктің барлық түрлері үшін жабылды.

Ал түстен кейін осы жолдың бойындағы Қарағанды қаласы мен Ақсу аралығындағы учаскедегі көлік қозғалысына шектеу енгізілді.

Соңғы жаңалықтар