Қарағанды облысында республикалық веложарыс басталды

ҚАРАҒАНДЫ. КазАқпарат - Қарағанды облысының Саран қаласында «Олимпиада үміті - 2019» XXXII Республикалық веложарысы басталды. Сайысқа Қарағанды, Алматы, Батыс Қазақстан облыстарынан және Нұр-Сұлтан қаласынан 13-14 жастағы 130 жасөспірім келіп қатысуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Сайыстың ашылу салтанаты Саран қаласының бас алаңында өтті. Жарысқа қала әкімі Ержан Темірханов, Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Дмитрий Карпов және жарыстың бас төрешісі Юрий Калинченко қатысты. Олар қатысушыларға сәттілік тіледі.
«Олимпиада үміті» жарысы - Қазақстандағы 13-14 жастағы спортшылар үшін басты дода. Жыл сайын ол Саран қаласында өтеді және жас велошабандоздар арасында өте танымал жарыс.
«Мен 32 жыл бойы осы веложарыста бас төреші болып келемін. Бұл сайыс өте танымал, себебі біріншіден, еліміздің орталығында өтеді, мұнда қай облыстан болсын келіп жету ыңғайлы. Екіншіден, мұнда қатысушылар үшін жақсы жолдар мен жағдай жасалған. Үшіншіден, бұл жасөспірімдер үшін осындай ірі ауқымдағы веложарыстардың бірі. Бұл жас спортшылар үшін жүзден астам қарсыласыңмен жарысқа түсудің не екенін сезінудің алғашқы мүмкіндігі. Жас велошабандоздар көпкүндік веложарыстың не екенін, өзін қалай ұстау керектігін, қандай тактиканы таңдау керек екенін түсінуі керек», - дейді жарыстың бас төрешісі Юрий Калинченко.
Жарыс алты күнге созылады. Қатысушылар 4, 15 және 40 шақырымға топтық және жеке сайысқа түседі. Жарыс қаланың сыртында өтеді. Соңғы күні «Критериум» сайысы өтеді. Әр топта төрт жеңімпаз анықталады. Финалда ең көп ұпай жинаған қатысушы бірінші орынды иеленеді.
Жарысқа келген барлық спортшылар Саран қаласында орналастырылды.
«Бізді жақсы қарсы алды. Мен осында 19 спортшымен келдім. Олар үшін бұл осындай ауқымдағы алғашқы жарыс», - деді Нұр-Сұлтан қаласы құрамасының бапкері Михаил Кочетков.
Әр жылдары «Олимпиада үміті» веложарысына Александр Винокуров, Алексей Луценко, Андрей Мизуров, Андрей Кивилев және басқалар қатысқан.
- Чемпиондар лигасы: Жарысты жалғастыратын 8 команда анықталды
- Чемпиондар лигасы: «Ливерпуль» австриялық клубтан айласын асырды
- Қарағанды облысы цифрлық технологияларды енгізуде үздік облыс деп танылды
- Ақшасы көңілінен шықса, «Канело» Головкинмен үшінші рет айқасуы ықтимал
-
Елордада алғашқы Dream Cup балалар турнирі өтті
-
Ақмолалық палуан қыздар республикалық турнирде топ жарды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам