Қарағанды облысында полицейлер өзіне-өзі қол жұмсамақ болған қызды құтқарып қалды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандылық полицейлер көпірден сеіріп кетпекші болған қызды өлім аузынан аман алып қалды. Тәртіп сақшылары оны соңғы минутта қайғылы жағдайдан құтқарып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды облысы ПД патрульдік полиция батальонының экипажы құрамында взвод командирі полиция капитаны Жұмақас Нұржан, полиция аға лейтенанттары Таңатбаев Нариман мен Серікбеков Мақсат облыстық және республикалық маңызы бар жолдарды патрульдеді.

Заречный кентінің маңында Шығыс айналма жолында тәртіп сақшылары жол жиегінде адамды байқаған. Жақындағаннан кейін олар көпір қоршауының артында тұрған қызды көрген. Полиция қызметкерлері оның есімін біліп, көмек керек пе деп сұраған. Қыз өз есімін айтып, оны жалғыз қалдыруын өтінген. Тәртіп сақшыларына ол өз-өзіне қол жұмсайтынын айтқан.

27 жастағы ауыл тұрғыны бір бөтелке сыра ішіп тұрып, экипаждан кетуін талап етті.

Полицейлердің бірі қызды әңгімемен алаңдатып жатқанда, екіншісі айналып өтіп, білдіртпей оның жанына барған.

«Қыз мас болды, онымен байланыс орнату өте қиын болды. Біз оны әңгімеге тартуға және оны қоршаулардан алыстатуға тырыстық. Соңғы сәтте, секірген кезінде оны қолынан ұстап алып, жолдың бергі жағына тартып шығардық», - деп хабарлады полиция капитаны Жұмақас Нұржан.

Полиция қызметкерлерінің кәсібилігінің арқасында өзіне-өзі қол жұмсау әрекетіне жол берілмей, қыз құтқарылып, медицина қызметкерлерінің қолына тапсырылды.


Соңғы жаңалықтар