Қарағанды облысында полицейлер мерзімінен бұрын атақтарын алды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан полициясы күнін мерекелеуге орай, тоғыз жас офицер лейтенант шенін алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Полиция құрылған жылдан бастап қиын да күрделі жолмен жүріп келеді. Осы жылдар ішінде елдегі құқықтық тәртіпті сенімді түрде қамтамасыз етуде. Сіздерге және Сіздердің туыстарыңызға тыныштық, амандық және жақсылық тілеймін. Тәртіп сақтаудағы еселі еңбектеріңіз жана берсін», - деді Қарағанды облыстық ІІД бастығы Мергенбей Жаппаров.

ІІД бастығының қолынан тәртіп сақшыларының бірі «подполковник», тоғыз полицей «лейтенант» шенін мерзімінен бұрын алды.

Полиция қызметкерлері шара соңында облыс әкімдігі ғимаратының алдынан сап түзеп, жүріп өтті. Кейін қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті күзетуге кірісті.

Соңғы жаңалықтар