Қарағанды облысында полицей көлігімен жас жігітті қағып кетті

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында полиция қызметкері көлігімен қағып кеткен 24 жастағы жігіт қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты 30 қыркүйекте болған. Қарағанды облысы бойынша МКҚБ батальонының 28 жастағы қызметкері тізгіндеген «BMW 525» көлігі сағат 00:51-де Шахтинск қаласынан 8 шақырым жерде сол қаланың тұрғынын қағып кетті. Ауыр жарақат алған жігіт сол жерде көз жұмды.

«Аталған факт сотқа дейінгі бірыңғай тергеу тізілімінде тіркелген. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деп түсіндірді ведомствода. 

Соңғы жаңалықтар