Қарағанды облысында өзін-өзі жұмыспен қамтығандар МӘМС жүйесіне қатыса бастады
2019 жылы бірыңғай жиынтық төлемді төлегендердің саны өткен жылдың қыркүйегімен салыстырғанда 18%-ға өсті. Бұл төлемдер оларға медициналық сақтандыруды, яғни медициналық қызметтердің кеңейтілген пакетін алуға мүмкіндік береді.
«Бірыңғай жиынтық төлемді төлеу арқылы азаматтар медициналық сақтандыру жүйесінің қатысушысы ғана емес, басқа да жүйелердің қатусушысы болады. Бұл соманың тек 40% Медициналық сақтандыру қорына, тағы 30% зейнетақы жарналарына, 20% -ы әлеуметтік сақтандыруға және 10% жеке табыс салығын төлеуге кетеді. Яғни, БЖТ төлеушісінің еңбек өтілі есептеледі, сонымен қатар ол әлеуметтік сақтандыру мен медициналық сақтандыруға қатысады», - деп түсіндірді Медсақтандыру қоры Қарағанды филиалының бас сарапшысы Жанар Ракишева.
Еске сала кетейік, БЖТ – бала күтушілер, репетиторлар, фрилансерлер, табыс табатын адамдар, хендмейд өнімдерін немесе қосалқы шаруашылықтың азық-түлігін сату сияқты өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдарға арналған медициналық сақтандыру жүйесіне қатысудың бір нұсқасы. Бірыңғай жиынтық төлем мөлшері облыстық маңызы бар қалалар үшін – 2 525 теңге және қалған елді мекендер үшін - 0,5 АЕК немесе 1 263 теңгені құрайды.