Қарағанды облысында өрттен үш адам қаза тапты

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында өткен тәулікте өрттен үш адам қаза тапты. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Атап айтқанда, 4 желтоқсан күні сағат 12.28-де Абай қаласында бес қабатты тұрғын үйдің төртінші қабатындағы пәтерден өрт шықты. Үй заттары мен ағаштан жасалған терезе жақтаулары жанған. Өрттің 5 шаршы метр аумақты шарпыған. Құтқарушылар баспалдақ арқылы 2 адамды эвакуациялады. Жалын сағат 12.45-те толық сөндірілген. Оқиға орнында 58 жастағы пәтер иесінің денесі табылды. 67 жастағы ер адам көмірқышқыл газына уланып, ауруханаға жатқызылды.
«Сондай-ақ, 5 желтоқсанда сағат 07.34-те Шахтинск қаласының Шахан кентінде бес қабатты тұрғын үйдің бесінші қабатындағы пәтерде өрт шықты. 40 шаршы метр аумақ жанған. Өрт сөндірушілер кіреберістен баспалдақ арқылы 3 адамды эвакуациялады. Оқиға орнында 1957 жылы туған ер адам және 1962 жылы туған әйел қаза болды. Қабылданған шаралардың арқасында жалын сағат 08.45-те сөндірілді. ТЖД бөлімшелерінен 16 адам мен 3 техника жұмылдырылды. Алдын ала болжам бойынша, өрттің себебі ашық от көзі (сіріңке, темекі, шам және т.б.). ҚР ТЖМ барша азаматтардан өрт қауіпсіздігін қатаң сақтауға шақырады», - деді Т.Уәли.
- Ақмола облысында сотталушының асқазанынан ұялы телефон табылды
- Батыс Қазақстанда қар құрсауында қалған тұрғындар құтқарылды
- Қазақстанның 11 облысында боран соғатыны ескертілді
- ШҚО-да боран: «Алматы-Өскемен» тасжолында көлік қозғалысы шектелді
-
Павлодар облысында 162 жылыту пункті дайындалды
-
Елордада 14 жастағы жасөспірім жоғалды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам