Қарағанды облысында өртенген үйдің үшінші қабатынан әйел адам секіріп кетті

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды қаласының шетіндегі ауылда өртенген тұрғын үйдің үшінші қабатынан әйел адам секіріп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қарағанды облыстық ТЖД-ға сілтеме жасап.
«24 қаңтарда сағат 06: 57-де Абай ауданы Дубовка ауылындағы пәтерден түтін шыққандығы туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндіру бөлімдері келген уақытта пәтерден жалын шығып тұрды.
Өрт сөндірушілер 3-қабаттың терезесіне үш иінді баспалдақ орнатып, улы газдан зардап шеккен адамды құтқарды. Жалын жалпы ауданы 75 шаршы метрді шарпып, үш пәтердегі тұрмыстық заттар, жиһаз, ағаш еден өртеніп кеткен», делінген хабарламада.
Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін әйел 3-қабаттан секіріп, омыртқасынан жарақат алған.
Өртті сөндіруге облыстық ТЖД-ның 16 маманы мен 4 арнайы техникасы жұмылдырылды.
Қазіргі мәлімет бойынша, өрттің шығуына ашық от көзі себеп болған.
- Павлодар облысында жеті адам көлік апатынан зардап шекті
- СҚО-да республикалық маңызы бар автожолдар жабылды
- Алматы дәрігерлері ер адамның көзінен 3 см сым темір алып шықты
- Батыс Қазақстанда үш жеңіл көлік қар құрсауында қалды
-
Тынық мұхитында 8 балдық жер сілкінісі болды
-
Түркияда әскери тікұшақ апатынан қаза тапқандар саны 11-ге жетті
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам