Қарағанды облысында өрт үш бала мен бір қарияның өмірін жалмап кетті

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Бүгін түске қарай Шахтинск қаласының жанындағы Долинка кентіндегі үй өртеніп, үш бала мен бір қария қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Белгілі болғандай үйде 2015, 2014 және 2011 жылғы балалар 63 жастағы қариямен бірге болған. Өрт сөндіруге келіп жеткен құтқарушылар оларды аман алып қала алмады.

Қазір өрттің шығу себебі мен жалынның залал келтірген аумағы анықталуда.

Соңғы жаңалықтар