Қарағанды облысында өрт екі адамның өмірін қиды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Приозерск қаласында темекі тұқылынан тұтанған өрт екі адамның өмірін қиды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«7 маусымда Приозерск қаласындағы 5 қабатты тұрғын үйде өрт болды. Ол өрт сөндіру қызметі жеткенге дейін сөндірілген. Оқиға орнынан 57 жастағы ер адам мен 56 жастағы әйелдің денесі табылды», - деп мәлімдеді Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомство өкілдерінің айтуынша, жалын 1 шаршы метр ауданды шарпыған. Алдын ала мәліметтерге қарағанда өрттің тұтануына темекі тұқылы себеп болған.

Жыл басынан бері облыста дәл осы себеп бойынша 111 өрт оқиғасы тіркелген, жалпы 9 адамның өмірі қиылып, 6 адам зардап шеккен.

Соңғы жаңалықтар