Қарағанды облысында өнеркәсіптік қалдықтар жол құрылысына пайдаланылатын болды

Фото: None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандыда кәсіпорындардан шыққан өнеркәсіптік қалдықтарды облыс жолдарының құрылысында пайдалану туралы меморандум жасалды. Мұндай келісімді өңірдің экология департаменті, «ҚазАвтоЖол» компаниясы, өнеркәсіптік кәсіпорындар мен жол компаниялары жасасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жыл сайын Қарағанды облысының өнеркәсіптік кәсіпорындары 60 млн тоннаға дейін қалдық шығарады. Оларды пайдалы қажеттіліктер үшін қолдану мақсатында 2019 және 2020 жылдары өңірдің ірі компаниялары осындай меморандумға қол қойған болатын. Соның арқасында 175 тонна өнеркәсіптік қалдық кәдеге жаратылды. Биыл меморандум аясында жол фирмалары «Жезқазған – Қарағанды» автожолының құрылысында 260 тоннадан астам қалдықты пайдалануды көздеп отыр.

«Өнеркәсіптік қалдықтарды кәдеге жарату, автомобиль жолдарын салу мақсатында пайдалы қазбаларды пайдалануды азайту, ландшафт пен экоортаның тұтастығын сақтау сияқты проблемалар шешіледі. Біздің департаментіміз тұрақты негізде құрылыс компанияларымен жұмыс жүргізуде. Болашақта өнеркәсіптік қалдықтардың үлкен көлемін құрылысқа тарту жоспарлануда», - дейді Қарағанды облысы бойынша экология департаментінде.


Соңғы жаңалықтар