Қарағанды облысында өңдеу өнеркәсібінің көлемі 3%-ға өсті

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында барлық негізгі бағыттар бойынша әлеуметтік-экономикалық дамудың оң серпіні сақталуда. Бес айда күтілетін нәтижелер онлайн режимде өткен аппараттық кеңесте талқыланды.

«Өнеркәсіп өнімдерін өндіру жалпы сомасы 1 трлн 671,5 млрд теңгеге болжанып отыр. Өңдеу өнеркәсібінде 3%-ға өсу күтілуде. Атап айтқанда, 20-дан 28%-ға дейінгі деңгейде шойын, жалпақ болат прокаты, тазартылған мыс өндірісі 1%-ға артады», – деп баяндады экономика басқармасының басшысы Азамат Мұқанов.

Болжам бойынша, бес айда облыстың негізгі капиталына 13% өсіммен 257,8 млрд теңге инвестиция салынуы тиіс.

Құрылыста көлем 3%-ға өседі деп күтілуде. Алдын ала деректер бойынша 195 мың шаршы метрге жуық тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған – өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 13,4%-ға артық.

Ауыл шаруашылық саласының мал шаруашылығында тұрақты өсім байқалады. Жалпы алғанда сала бойынша оң динамика байқалады.

Өңірде 90 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектілері жұмыс істейді. Өткен жылмен салыстырғанда олар 2,6%-ға артты.

«Жалпы, өткен жылмен салыстырғанда индикаторлардың көпшілігі оң динамика береді. Өнеркәсіп, әсіресе өңдеу секторы, құрылыс, саудада бес айдың қорытындысы бойынша өсім байқалады. Пандемияға байланысты табысы төмендеген қоғамдық көлік бойынша көрсеткіштерді арттырамыз. Жоспарланған индикаторларға қол жеткізу бойынша жұмысты жандандыру, салалардың өсу қарқыны бойынша барлық шараларды қабылдау қажет. Барлық бағыттар бойынша жұмысты күшейту керек», – деп атап өтті облыс әкімі Жеңіс Қасымбек.

Соңғы жаңалықтар