Қарағанды облысында өңдеу өнеркәсібі өнімдерінің экспорты ұлғайды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында өңдеу өнеркәсібін дамыту жалғасуда. Бұл туралы ҚазАқпарат әкімдікке сілтеме жасап хабарлайды.

Аталмыш салада 2025 жылға дейін экспортқа бағдарланған жеті жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Өңірде күн энергетикасын дамыту жалғасады.

Облыс активінің отырысында ҚР Президентінің «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» Жолдауын іске асыру бойынша жүзеге асырылатын шаралар талқыланды.

«Мемлекет басшысы экономиканы әртараптандыру, өндірілетін тауарлар номенклатурасын кеңейту және экспорт ауқымын кеңейту жөніндегі жұмысты жалғастыруды тапсырды. Қолда бар өнеркәсіптік әлеует пен білікті еңбек ресурстарының негізінде біздің облыс өңдеуші өнеркәсіптің «өсу нүктесіне» айналуы тиіс», - деп атап өтті облыс әкімі Жеңіс Қасымбек.

Өңір өңдеу өнеркәсібі өнімдерінің экспортын ұлғайтты. Жаңа өндірістер сыртқы нарықтарға одан әрі ілгерілеуге көмектеседі. 2025 жылға қарай кемінде бес жоғары технологиялық инновацциялық жобаны іске асыру жоспарлануда.

Кеңесте экономика мен әлеуметтік саладағы халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған шаралар кешені қарастырылды.

АӨК-де өсімдік шаруашылығын әртараптандыруға және мал шаруашылығын дамытуға баса назар аударылатын болады. Ауыл шаруашылығында 1500-ге жуық жұмыс орнын құрумен кемінде он инвестициялық жобаны іске асыру жоспарда бар.

Бизнесті қолдау үшін мемлекеттік бағдарламалардан басқа өңірлік құралдар пайдаланылады. Atameken Qaragandy микроқаржы ұйымы жұмыс істейді.

Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жалғасады. Өңірде жеті денсаулық сақтау нысанының құрылысы жүріп жатыр. Ауылдық жерлерде үш жаңа мектеп пайда болады. Облыс орталығында дамып келе жатқан шағын аудандарда бес мектеп салу жоспарлануда, оның ішінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бойынша да жобалар қарастырылған.

Кеңесте Жолдаудың әрбір бағыты бойынша өңірді дамытудың негізгі басымдықтары мен қойылған міндерттерге қол жеткізу стратегиясы белгіленді.


Соңғы жаңалықтар