Қарағанды облысында «Олимпиадалық үміттер – 2021» республикалық веложарысы өтті

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Олимпиадалық үміттер – 2021» XXXIII республикалық көпкүндік веложарыс өтті. Веложарыстың үш кезеңі қалпына келтіріліп жатқан РТБ ауылының көшелерінде өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

33 жыл бойы Саран қаласында еліміздің барлық өңірлерінен жас спортшылар жиналып, кездеседі. «Олимпиадалық үміттер» жарысы үлкен спорттық жетістіктерге қол жеткізген Қазақстанның көптеген бастаушы велосипедшілері үшін бастапқы алаңға айналды. Айта кетейік, «Олимпиадалық үміттер – 2021» жарысы барлық санитарлық нормалар мен талаптарды сақтай отырып, көрермендерсіз өткізілді. Өткен жылы COVID-19 пандемиясына байланысты чемпионат өтпеді.

«Біздің қала 33-ші рет жас және үміт күттіретін спортшыларды қарсы алады. Тәуелсіздік жылдарында біздің спортшылар бірнеше рет түрлі, оның ішінде халықаралық жарыстарда Қазақстан туын көтеріп, жеңіске қол жеткізді. Қазіргі веложарысқа қатысушылардың алар асулары әлі алда екеніне сенімдімін. Олар эко мәдениетті дамытып, басқа да жастарға үлкен үлгі болып табылады, өйткені велосипедтің өзі – көліктің экологиялық түрі», – деп атап өтті Саран қаласының әкімі Ержан Темірханов.

Биыл веложарыс 2007–2008 жылдары туған жасөспірімдер арасында өткізілді. Ол 13 маусымда басталып, 19 маусымға дейін жалғасты. Жарыс бағдарламасында: жеке жарыс (4 және 15 км), топтық жарыс (30 және 40 км) және қозғалыс шеңберде өтетін өлшем (30 км) секілді түрлері қарастырылған. Олардың әрқайсысының өту нәтижесі белгілі бір ұпай әкеледі.

Соңғы жаңалықтар