Қарағанды облысында оқушыны зорлады деген күдікпен 40 жастағы тұрғын ұсталды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының кенттерінің бірінде мектеп оқушысын зорлады деген күдікпен өзін имам ретінде таныстырып жүрген ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2020 жылдың 31 желтоқсанында Қарағанды облысының полиция департаментіне жергілікті блогер Айсұлтан Жақыпов хабарласқан.

Ол «Маған Қарағанды облысының бір ауданының тұрғынынан кәмелетке толмаған бала жүкті болғаны туралы ақпарат келіп түсті. Оның үстіне, оның ата-анасы бұл фактіні жасыратыны белгілі болды» деп мәлімдеген.

Сол күні аталған хабарлама бойынша ҚР ҚК 120-бабы 4-бөлігі бойынша дереу қылмыстық іс тіркелді.

Облыстың ПД тәжірибелі қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылды.

Олар қысқа мерзімде елді мекенді және оқиғаның барлық қатысушыларын анықтады.

«Алдын ала тергеу барысында аталған дерек расталды. Полиция қызметкерлері күдіктіні – облыстың 40 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Сот оған қатысты «қамауға алу» бұлтартпау шарасын таңдады. ҚР ҚІЖК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Мұсылмандар діни басқармасы ер адам діни мектепте оқығанын, бірақ имам сертификатын алмағанын мәлімдеді.

Алайда, ауыл тұрғындары осы күнге шейін оған діни рәсімдер өткізуін сұрап, жүгініп жүрген.


Соңғы жаңалықтар