+7 (701) 759 90 19
USD 388.49 EUR 427.26
RUB 6.06 CNY 55.32
Jańalyqtar

Қарағанды облысында «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында қандай жұмыстар атқарылды

2019 жылғы 21 қазан 23:53
Бөлісіңіз:
Қарағанды облысында «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында қандай жұмыстар атқарылды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Бүгін Қарағанды облысы әкімінің аппараттық кеңесінде «Нұрлы жол» бағдарламасының қорытындысы туралы баяндалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңір басшысының ресми сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Бірыңғай валюталық одақ құру қарастырылған емес - Ерболат Досаев Қолма-қол ақшасыз төлемдерді тексеру ұсынысы талқылануда – Ұлттық банк Асқар Мамин бірқатар өңірдің әкіміне өнеркәсіп көрсеткіштерін жақсартуды тапсырды

Экономика басқармасы басшысының міндетін атқарушы Гүлмира Әбішеваның айтуынша, 2015 жылы бағдарлама басталған сәттен бастап Қарағанды облысында жалпы сомасы 30.6 млрд теңгеге 61 жоба жүзеге асырылған. Бұл ақша көлік, тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды, білім беру инфрақұрылымын дамытуға және агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға жұмсалды. - Төрт көпір қайта жаңартылып, 350 шақырым облыстық маңызы бар автомобиль жолдарына орташа жөндеу жүргізілді. 17,6 км жылу желілері, 4,3 шақырым су құбыры және 15,1 шақырым су бұру желілері қайта жаңартылды. Ақтаста қуаты 11,2 Гкал/сағ модульдік қазандық салынды. Тұрғын үй нысандарын салу үшін Қарағанды, Жезқазған, Приозерск, Абай, Жаңаарқа, Қарқаралы аудандарындағы 10 үйге және Абай ауданындағы 32 жер учаскесіне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салынды, - деді Гүлмира Әбішева. Бағдарлама аясында 14,5 мың шаршы метр тұрғын үй, 320 орындық балабақша, Қарағанды қаласында көру қабілеті бұзылған балаларға арналған 250 орындық мектеп-интернат, Сәтбаев қаласында 600 орындық және Қарағандыда 1200 орындық мектеп пайдалануға берілді. Бұл Сәтбаев қаласында және ішінара облыс орталығында үш ауысымда оқу мәселесін шешуге көмектесті. Қазір өңірде тағы үш мектеп – Қарағандыдағы Панель Орталық шағынауданында 1200 орындық, Теміртау қаласында 600 орындық және Ақтоғай ауданының Сарышаған ауылында 464 орындық мектеп салынуда. Жалпы, бағдарламаның арқасында облыста 466 тұрақты және 799 уақытша жұмыс орны ашылды. Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың санын 74%-дан 76%-ға дейін арттыру, жылу және су құбыры желілерінің тозуын төмендету, тұрақты автобус маршруттарының, оның ішінде кенттік және ауданішілік бағдарлардың санын көбейтуге мүмкіндік туды. 2019 жылы мемлекеттік бағдарламалар аясында 266,4 шақырым су құбыры және кәріз желілерін салу және қайта жаңарту, сондай-ақ 5,3 шақырым жылу желілерін жаңғырту жоспарлануда. Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек басқарма басшыларына 2020 жылдан 2025 жылға дейін «Нұрлы жол» бағдарламасының екінші бесжылдығында жаңа жобаларды іске асыруға республикалық бюджеттен қаржы алу үшін барлық қажетті құжаттарды дайындауды тапсырды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT