Қарағанды облысында мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған пәтерлер салынуда

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Саран қаласында 120 пәтерлік көпқабатты үй салынуда. Олардың басым бөлігі мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мұндай пәтерлер жаңа үйдің 1-ші қабатында орналасады. Әрқайсысында арнайы ванна мен тұтқалар орнатылған біріктірілген санитарлық тораптар болады. Кең етіп қойылған есіктер арбаға таңылған жандардың бөлмеде еркін қозғалуға мүмкіндік береді. Кіреберісте арнайы көтергіш құрылғылар мен пандустар орнатылады.

Алты кіреберісі бар көпқабатты үйдің құрылысын мердігерлер жыл соңына дейін аяқтауды жоспарлап отыр. Бұл жерден жалға берілетін тұрғын үй кезегінде тұрған мүмкіндігі шектеулі 15 адам баспана алады.

Соңғы жаңалықтар