Қарағанды облысында мемлекеттік қызметтердің сапасы тексерілді

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау шараларын жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мониторинг кезеңінде полиция, Мемлекеттік кірістер департаменттерінің, «Азаматтарға арналған үкімет» мемкорпорация филиалының, облыстың қалалары мен аудандарының жергілікті атқарушы органдарының, оның ішінде жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы мен деңгейі тексерілді. Жалпы облыс бойынша Мемлекеттік қызмет көрсететін 230-ға жуық мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардық қызметі бағаланды.

«Қарағанды облысының жергілікті атқарушы органдары ұсынған мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау бойынша есептік деректерді қайта тексеру барысында 2018 жылы көптеген кемшіліктер анықталды. Есептік мәліметтерге сәйкес, Қарағанды облысының жергілікті атқарушы органдары барлығы 7 272 858 Мемлекеттік қызмет көрсетті, алайда қайта тексеру барысында нақты көрсетілген қызметтердің саны 7 273 418 құрады, яғни барлығы 560 нақты көрсетілген мемлекеттік қызмет есепке алынбаған», - деп хабарлады Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Ердос Әбдірахманов.

Жалпы, бастапқы болжам бойынша 2018 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының тиімділігін бағалау 52 балды құрады, бұл көрсеткіш 2017 жылмен салыстырғанда 11 балға жоғары.

Жыл сайын бағалау іс-шаралары шеңберінде қайта тексеру кезінде есептік деректерде анықталған бұрмалаулардың саны азайып, оң динамика байқалады. Бұл жалпы республикалық рейтингте Қарағанды облысының позициясын жақсартады.

Соңғы жаңалықтар