Қарағанды облысында мектеп оқушысы інісі мен қарындасын отқа оранған үйден алып шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ТЖД-нің қызметкерлері екі жасар інісі мен алты айлық қарындасын өрттен аман алып шыққан он бес жастағы жасөспірімнің ерлік ісі туралы баяндады.

Оқиға 22 қазан күні Пришахтинск қаласындағы Маршак көшесінде орын алды, деп хабарлайды kriminalka.kz.

Бұл күні Никита үйде інісімен және қарындасымен қалған еді. Пештің күлін тазалаған бала оны пластмассалық шелекке төгіп, үйдің кіреберісіне қойған.

Қызған шелектің балқып, көмір түйірлерінің еденге төгілуі салдарынан өрт шықты.

Әуелі аулаға жүгіріп шыққан Никита үйде бауырларының қалғанын есіне алып, отқа оранған үйге қайта кірген.

«Жалынмен арпалысқан 15 жасар бала жатын бөлмеге өтіп, сәбилерді көтерген күйі далаға алып шықты. Одан кейін көршілерге барып оқиға туралы айтып берген. Олар құтқарушыларды шақыртып, өртті ауыздықтау үшін өздері де қолдан келген шаралардың барлығын қолданды», - деп хабарлады Қарағанды облыстық ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен.

Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем бригадасы Никитаны Мақажанов атындағы ауруханаға жеткізді. Дәрігерлер жасөспірімге ыс тиіп, аяқ, қолдары мен бетін 3 деңгейде күйік шалғанын айтты.

Соңғы жаңалықтар