+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

Қарағанды облысында мектеп оқушыларды скринингтен өтеді

2021 жылғы 15 қыркүйек 07:25
Бөлісіңіз:
Қарағанды облысында мектеп оқушыларды скринингтен өтеді

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында мектеп медпунктерінде оқушылар жоспарлы скринингтен өтеді. Оларды стоматолог, офтальмолог, хирург, отоларинголог, эндокринолог, невропатолог және басқа да сала дәрігерлері қарайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қапшағайда 13 жастағы оқушы балконда асылып қалды Қорытынды жасауға асықпайық – Білім министрлігі Түркістанда қайтыс болған оқушы туралы СҚО-да 78 мектептің 142 сыныбы қашықтан оқуға жіберілді

Биыл медициналық сақтандыру қоры өңірдегі мектеп медицинасына 1,3 млрд теңге бөлді.

Мектеп медпунктеріне қызмет көрсетумен облыстың емханалары айналысады. Олар аталған медициналық кабинеттерді орта медицина қызметкерлерімен, вакцинациялау үшін қажетті жабдықпен, ұйымдастыру техникасымен және аурулардың алдын алу бойынша материалдармен, сондай-ақ балаларды қарауға және алғашқы шұғыл медициналық көмек көрсетуге арналған құралдармен қамтамасыз етеді.

«Біздің №1 көпбейінді аурухананың емханасына алты мектеп бекітілген. Медицина қызметкерлері балалар мен педагогтардың профилактикалық және скрининг медициналық тексеруін, COVID-19-ға қарсы профилактика ұйымдастыруға, маусым ауруының алдын алуға жауап береді», – деді Қарағанды қаласының №1 көпсалалы ауруханасының алдын алу және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімінің меңгерушісі Любовь Ковалева.

Сонымен қатар, мектеп медбикелері оқу орындарындағы асханада санитарлық-эпидемиологиялық талаптың сақталуын және аспаз бен асхана қызметкерлерінің жағдайын бақылап отыруы тиіс.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT