Қарағанды облысында медициналық оңалтуды қаржыландыру үш есеге артты

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында 2020 жылы медициналық оңалтуды қаржыландыру 3 есеге артты. Медициналық сақтандыру қоры Қарағанды филиалының директоры Фазыл Қопабаев тікелей эфирде өткен брифингіде МӘМС жүйесін енгізудің 2020 жылғы қорытындысы туралы айтып берді, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

2020 жылға қор медициналық қызметтерді сатып алуды электрондық форматта жүргізді, бұл жеткізушілердің қор қызметкерлерімен және комиссия мүшелерімен тікелей байланыспайды. Қордың филиалы 2020 жылы өңірдегі 103 медициналық көмек берушімен медициналық қызметтерді сатып алу бойынша 292 шарт жасасты. Оның ішінде: амбулаториялық-емханалық көмек бойынша - 116 шарт, стационарлық көмек – 170 шарт және әлеуметтік мәні бар аурулар кезінде көмек көрсетуге – 4 шарт.

Бүгінгі таңда өңірдің бюджеті 119,5 млрд теңге, оның ішінде ТМККК - 87,1 млрд теңге, МӘМС жүйесінде - 32,4 млрд теңге. 2019 жылмен салыстырғанда өсім 33,8%-ға өсті.

Пандемия жағдайында және COVID-19 таралуына жол бермеу мақсатында өңірде медициналық қызметтерге ақы төлеуге 19,6 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде: ПТР жүргізу және КВИ бар науқастарды емдеу шығынын өтеуге - 6,7 млрд теңге, медицина қызметкерлеріне ынталандыру үстемеақысы - 12,9 млрд теңге.

«Биыл алғаш рет МӘМС қаражаты есебінен мектеп медицинасын жеке қаржыландыру қарастырылған, консультациялық-диагностикалық көмекті қаржыландыру көлемі айтарлықтай кеңейтілген (12,3 млрд теңгеге дейін), бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,8 есе көп. Сондай-ақ, МӘМС енгізілгеннен кейін медициналық оңалтуды қаржыландыру көлемі 3 есеге (3,7 млрд теңге); стационарды алмастыратын көмек көлемі 1,6 есеге (5 млрд теңге) артты», - деп толықтырды Фазыл Қопабаев.

Соңғы жаңалықтар