Қарағанды облысында медицина қызметкеріне жалақы аудару кезіндегі қателік түзетілді

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлері өңірдегі медициналық мекемелерінің бірінде қызмет ететін медбикеге жалақысын аудару кезінде пайда болған техникалық қателікті шешуге көмектесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қарағанды облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Жуырда [email protected] электронды поштасына облыстағы бір емхананың қызметкерінен шағым түскен. Медбике өз жалақысының түбіртегін жіберіп, онда уәде етілген 30% қосымша ақының жоқтығына шағымданған. Тексеріс барысында жеке мәліметтерді енгізу кезінде компьютерлік ақау болғаны анықталды. Қателік түзетіліп, медицина қызметкеріне толық көлемде жалақы төленді.

«Өкінішке орай кейде осындай жағдайлар болады, сондықтан егер медицина қызметкерлерінде жалақыны аударуға қатысты мәселелер туындап жатса, олар біздің поштамызға жаза алады, өз кезегімізде біз мәселені шешуге көмектесеміз», - дейді Денсаулық сақтау басқармасы жетекшісінің орынбасары Әсел Тұяқова.

Электронды пошта іске қосылғаннан бері оған 16 хат келіп түскен. Келіп түскен хаттардың көбі Қарағанды облысындағы медициналық мекемелерге қатысты болмағандықтан жалақыны дұрыс аудармау туралы шағымдар басқа өңірлерге жолданды.

Еске сала кетейік, [email protected] электронды поштасы шілде айының басында іске қосылды. Мұнда кез келген медицина қызметкері жазып, өзінің жалақысына қатысты түсініктемелерді ала алады.

Қарағанды облысында 18 000 аса медициналық қызметкер (дәрігерлер, медбикелер мен санитарлар) үстемелі жалақы алды, дәлірек айтар болсақ қызметтік төлем емес, нақты жалақы өсті.

Бюджеттік саланың төменгі жалақы алатын қызметкерлерінің еңбекақысын өсіруді «Nur Otan» партиясының съезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тапсырған болатын. Кейінірек Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен аталмыш тапсырманы орындау мерзімі 2019-шы жылдың 1 маусымына ауыстырылған еді.

Соңғы жаңалықтар