Қарағанды облысында Мәжіліс және мәслихат сайлауына комиссиялар құрылды

None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында мәслихат депутаттарын сайлау бойынша – 15 және Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлау бойынша 2 аудандық комиссия құрылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құрамдар облыстық мәслихаттың кезектен тыс XXIII сессиясында бекітілді.

«Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстарын қабылдау 1-15 қаңтар аралығында жүзеге асырылды. Облыстық мәслихаттың Аудандық сайлау комиссияларын қалыптастыру мәселелері жөніндегі уақытша комиссиясы кандидаттардың ұсынылған құжаттарының талаптарға сәйкестігін зерделеді», – деді депутаттық өкілеттіктер, әдеп, заңдылық және құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Жанна Стергер.

Жаңа сайлау жүйесі негізінде Парламент пен мәслихаттарды қалыптастыруды қамтамасыз ете отырып, партиялық тізімдер мен бір мандатты округтер бойынша сайлау өткізу – ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының тармақтарының бірі. Мерзім 2023 жылдың маусымына дейін белгіленді.

Сенатқа сайлау 14 қаңтарда өтті. Келесі кезең – мәслихат және Мәжіліс депутаттарын сайлау.


Соңғы жаңалықтар