Қарағанды облысында МӘМС қоры есебінен жеке клиникаларда емделуге болады

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының тұрғындары міндетті медициналық сақтандыру қоры есебінен тексеруден өтіп, жеке клиникаларда дәрігердің кеңесін ала алады. Бұл туралы «Қарағанды облысы бойынша әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ филиалында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Егер бекітілген жердегі емханада пациентке консультациясы қажет маман немесе тағайындалған талдауларды жүргізу үшін қажетті құрал-жабдықтар болмаса, жеке клиникаға тексеруге немесе консультацияға жолдама алуға болады.
Өңірдің 65 жеке меншік клиникасы міндетті медициналық сақтандыру қорымен келісімшарт жасасты. Құжат негізінде олар қалалық емханаларға бекітілген емделушілерге қызмет көрсетуге және МӘМС жүйесінен төлем алуға құқылы.
Қарағанды облысында барлығы 121 медициналық мекеменің медициналық сақтандыру қорымен келісімшарты бар.
- Өскеменде көктайғақтан 130-дан астам адам зардап шекті
- Елжан Біртанов дәрі-дәрмек сапасын тексеру жайында айтты
- Қарағандыда энергетикалық форум өтіп жатыр
- Қарағанды облысында «Жыл мұғалімі» анықталды
-
Түркістандықтарға медициналық қызметтерді тегін алу жолдары түсіндірілді
-
Қарқаралы ауданына жаңа әкім тағайындалды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам