Қарағанды облысында мал арсында тараған ауруға тексеру жүргізілуде

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Нұра ауданына қарасты К.Мыңбаев ауылында мал ауруы тарады. Болжам бойынша ол пастереллез, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Пастереллез әзірге алдын ала жасалған болжам. Вирус туралы нақтырақ мәліметтер ауру малдың қанына жүргізілген сараптау жұмыстарынан соң белгілі болады.

«Қарағандылық ветеринарлық зертханада ауру малдардың қаны тексерілуде. Оның нәтижелері жақын күндері белгілі болады. Ауру - мүйізді ірі қарадан табылып отыр. Осы уақытта 22 малдың ауру жұқтырғаны мәлім. Ал ұсақ мал мен жылқыда, шошқада аурудың белгілері табылған жоқ»,-деді Қарағанды облысы әкімдігінің өкілдері.

Осы уақытта ветеринария қызметінің мамандары аулаларды аралап, мал тұрған орындардың барлығына санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізді. Ауру жұқтырған мал оқшауландырылды және оларды емдеу жұмыстары қолға алынды.

«Жағдай Нұра ауданының да Қарағанды облыстық әкімдігінің де бақылауында тұр», деді облыс әкімдігіндегілер.

Соңғы жаңалықтар