Қарағанды облысында қылмыстық топ 537 млн теңгеге жалған шот-фактура жасаған

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында мемлекетке 537 млн теңге залал келтірген ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР Қаржы министрлігінің ақпаратына сәйкес, Қаржы мониторингі комитеті Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жедел-тергеу барысында 2017-2020 жылдар аралығында Қарағанды қаласының аумағында жалған шот-фактураларды жазып берумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топты әшкерелеген.
Тергеу барысында 7 адамнан тұратын қылмыстық топ, сонымен қатар бақылаудағы заңды тұлғалардың басшылары ретінде тіркелген адамдар үй-жайларды іздеу және жалға алуды (тіркеу үшін), сондай-ақ контрагент-сатып алушыларды іздестіруді, екінші деңгейлі банктерде ақшалай қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыруды және тағы басқасын жүзеге асырған.
«Топтың қылмыстық әрекеті салдарынан мемлекетке келтірілген залал сомасы 537 млн теңгені құрады. Тәркілеуді қамтамасыз ету мақсатында тергеу барысында бақылаудағы кәсіпорындардың жалпы сомасы 121,3 млн теңгеақша қаражатына тыйым салынды.
2020 жылдың 27 желтоқсанында қылмыстық іс өндіріспен аяқталып, бекітілген айыптау актісімен сотқа жолданды», - делінген ҚР ҚМ ақпаратында.
- Атырау облысында сыбайлас жемқорлық деңгейі төмендеді
- Бұрынғы әйелінің мазасын алғаны үшін 300 сағаттық қоғамдық жұмысқа жегілді – ШҚО
- Қарағанды облысында сыбайлас жемқорлыққа бейім салалар аталды
- Қарқаралыда дәрігерлер пәтер алды
-
2020 жылы Қарағанды облысында 300-ден астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
-
Елордада тіркелген қылмыстардың саны 30 пайызға қысқарды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам